Қазақстандық боксшы Виктор Темировтың кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, 22 жастағы отандасымыз 3 маусымда Эбербахта (Германия) өнер көрсетеді, қарсыласы угандалық Музамиру Каканде болады. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Темиров бұған дейінгі жекпе-жегін 4 ақпанда Германияда өткізген. Онда босниялық Милош Янъянинді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.