Сәрсенбі, 24 мамырда жастар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында төрт матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

D тобында Нигерия құрамасы Италияны (2:0) ұтып, 6 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Бразилия Доминикан Республикасын (6:0) жеңіп, кестеде екінші орынға көтерілді.

С тобында Израиль мен Сенегал құрамалары тең ойнады (1:1). Колумбия Жапонияны (2:1) ұтып, турнирлік кестеде көш бастады. Колумбия құрамасы 6 ұпай, Жапония (3 ұпай) жинаса, өзге екі құрамада бір ұпайдан бар.