Қазақстандық халықаралық шебер Бибісара Асаубаева Никосияда өтіп жатқан ФИДЕ әйелдер Гран-приінің кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz .

8-ші турда қазақстандық шахматшы грузин Бела Хотенашвилиді жеңді.

Бұл табыс Ассаубаеваға 3 ұпай жинап, жалпы есепте жетінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

9-турда Бибісара 25 мамыр күні польшалық Оливия Киолбасамен ойнайды.