16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Волгоградта басталған «Даму кубогы» халықаралық турнирін сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойында қазақстандық футболшылар ресейліктерден ұтылды – 0:5. Жеңімпаздар қатарынан Максим Воронов (10-минут), Никита Хват (31), Егор Комелков (51), Леонид Кононов (56) және Константин Трон (73) гол соқты.

Еске салайық, біздің жастарғаРесей, Қырғызстан және Беларусь командалары қарсылас болады. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді, ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.