«Трансферы КХЛ» телеграм-арнасы Қазақстан құрамасының Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы үздік бомбардирі Максим Мухаметов Магнитогорскінің «Металлургіне» ауысуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан құрамасының 24 жастағы шабуылшысы Максим Мұхаметов «Барыс» арқылы транзитпен Магнитогорск құрамын толықтыра алады», - деп хабарлайды ресурс.

Жақында «Номад» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшының «Барысқа» ауысуға жақын екені туралы ақпарат тараған болатын.

Айта кетейік, Ригада өткен әлем чемпионатында Максим үш гол соғып, Қазақстан құрамасының үздік мергені атанды.