Бүгін Алматыда өтіп жатқан регбиден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гонконг құрамасы біздің командаға қарсылас атанды. Кездесу қазақстандық спортшылардың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Қазақстан Азия чемпионатының финалына шығып, жексенбі күні Жапония құрамасымен кездесу өткізеді.

Гонконг - Қазақстан 23:27