Испания футбол федерациясы «Валенсия» – «Реал» (1:0) матчында VAR жүйесіне жауапты болған төреші Иглесиас Вильянуэваны ойыннан шеттету туралы шешім шығарды , деп хабарлайды Prosports.kz.

Вильянуэваның жазасы келесі аптаға дейін күшіне енбейді, өйткені үкім белгілі болғанға дейін ол «Бетис» - «Хетафе» ойынына тағайындалған.

Федерацияның мұндай шешім шығаруына төрешінің матч соңындағы сәтсіз жұмысы себеп болды. Алаңда төбелес шығып, бас төреші қақтығысты кім бастағанын анықтауға көмек көрсетуді сұрған. Нәтижесінде VAR төрешісінің нұсқауымен «Реал» ойыншысы Винисиус қана алаңнан қуылып, спортқа сай емес әрекет жасаған «Валенсия» ойыншылары Уго Дуро мен Георгий Мамардашвили жазасыз қалды.