«Головой об лед» жобасының ақпараты бойынша «Сарыарқа» клубын жергілікті хоккей мектебінің түлегі Владимир Князев жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөз хабарлағандай, 42 жастағы маман қазірдің өзінде командаға хоккейші іріктеп жатыр, жақында команда баркері ретінде ұсынылады.

Владимир Князев бұған дейін «Алматы» және «Құлагер» командаларында жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарған. 2020/2021 жылғы маусымда оңтүстік астаналық команданың бас бапкері болды.

2022 жылғы қаңтардан бастап «Сарыарқа» клубын латвиялық маман Петерис Скудра жаттықтырды, оның жетекшілігімен команда 2021/2022 жылғы маусымда ел чемпионы атанса, 2022/2023 жылғы маусымда плей-офф кезеңінің жартылай финалында «Номадқа» есе жіберді.