Қатарынан 8 жекпе-жек бойы жеңілмей келе жатқан қазақстандық Тэймур Жапаров (12-3-1) OCTAGON лигасының мини-фильмінде ешқашан менеджерлері мен демеушілері болмағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Файтер болашақ буынға білімін бөлісуі жайында айтып, әскерден кейін күзетте жұмыс істегенін еске түсірді, сондай-ақ аралас жекпе-жектегі алғашқы табыстары туралы мәлімдемеді.

Айта кетейік, 27 мамырда Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында OCTAGON 45 турнирі өтеді, онда Жапаров бразилиялық Вагнер Лимамен (16-7-1) күш сынасады.

Кештің басты кездесуінде «Қазақ седзюдосы» Дамир Төленов (9-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін үшінші рет қорғайды. Қарсыласы қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулу (11-6) болады.

Кештің негізгі жекпе-жегі – жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) пен ММА-поп жұлдызы Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5) арасында өтеді.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы