Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Топырақ төсенішінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 1230-орында тұрған марокколық Ая Эль-Аунимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда үш брейк жасаған Ю.Путинцева айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Ол екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Әйтсе де бұдан кейін жергілікті теннисші таразы басын теңестірді.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.