«Астана» шабандозы Марк Кавендиш осы маусымнан кейін спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін баспасөз мәслихатында Марк Кавендиш 2023 жыл оның кәсіпқой спортшы ретіндегі соңғы маусымы болатынын мәлімдеді», - деп хабарлады «Астананың» баспасөз қызметі.

Британиялық велошабандоз мансабында 161 жеңіске жеткен. Атап атйқанда: «Тур де Франс» кезеңдерінде 34, «Джиро д’Италия» кезеңдерінде 16 және «Вуэльта» кезеңдерінде үш мәрте мәрте жеңіске жеткен. Бұдан бөлек 2011 жылы велоспорттан әлем чемпионы болды.