«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков алматылық «Қайратқа» қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біздің басты міндетіміз жоспар бойынша ұпай жинау болды. Екі команда да алаңда жақсы ойнады деп ойлаймын. Біздің жігіттер жасанды алаңда ойнайды, сондықтан табиғи шөпте біраз қиындық туындайды. Дегенмен, бұл қиындықтар кедергі болмады деп ойлаймын... Бұл футбол, мұндай сәттер болып тұрады», - деп келтіреді клубтың баспасөз қызметі тәлімгердің сөзін.

Айта кетейік, «Қайрат» өз алаңында қызылордалық «Қайсардан» 0:3 есебімен жеңілген болатын.