Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінде Словакия құрамасы Словенияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз шайбаны 21-минутта Рихард Паник соқты.

Осының арқасында Қазақстан құрамасының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, келер жылы хоккейден әлем чемпионаты Чехияда өтеді.