Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді.

Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.

Рим мастерс турнирінде жеңіске жеткені үшін Е.Рыбакина 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 521 754 еуро табыс тапты.