Манчестер Юнайтед қақпашысы Давид Де Хеа 2022/23 маусымының соңында Премьер-Лиганың «Алтын қолғап» иегері атанды. Бұл туралы манкуниандықтардың әлеуметтік желілерінде хабарланды.

32 жастағы испандық осы маусымда Премьер-Лигада 17 матчта өз қақпасына гол өткізбеді. Бұл лигадағы ең жақсы көрсеткіш.

Соңғы рет Де Хеа 2017/18 маусымында «Алтын қолғапты» жеңіп алды.