Григорий Бабаян «Қызылжармен» өткен ойынды қорытындылады.

- Маған бірінші тайм қатты ұнады, әсіресе алғашқы 35 минут. Екі гол соқтық, әлі мүмкіндіктер болды, үшінші гол соғып, бірінші таймда-ақ нәтижені шешуге болар еді, бірақ әдеттегідей қауіпті есеп 2-0 болып, соңында босаңсып қалдық. «Қызылжар» бірден сәтті пайдаланып, екінші таймның көңіл-күйін сәл түсірген гол соқты. Сәл басқаша футбол ойнауға шықтық, артта қалған кеңістікті пайдаланғымыз келді, бірақ, өкінішке қарай, «Қызылжар» пенальтидің арқасында, неліктен қайта соққанын білмеймін, дұрыстап көруіміз керек, есепті теңестірді. Бірақ менің досым Әли Әлиевті атап өткім келеді, бұл оның еңбегі, өте жақсы команда, салмақты, олардың турнирлік кестеде көш басында тұрғаны кездейсоқ емес.

Біз үшін ең бастысы – кестеміз өте тығыз екендігі. Үш күннен кейін «Ақсумен» ойын бар, қазір біз үшін ойыншылардың тез қалыпқа келуі маңызды, командаға қктысты мәселелер баршылық: ойын басталмай тұрып Абзал Бейсебеков жарақат алды, оны ауыстыруға тура келді, соңғы кездесуде Игор Иванович пен Аслан Дарабаев жарақат алды. Проблемалар бар, бірақ айтарым, біз әдейі осындай тығыз кесте жасауға мәжбүрміз, сол себепті де ақталуға болмайды. Ең бастысы, біз бүгін жеңіске жеттік, енді аяқдопшылар қалпына келіп, келесі кездесулерге дайындалуымыз керек.