Футзалдан Испания чемпионатының соңғы, 30-турында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан Да Силваның «Эль-Посо» командасы сырт алаңда «Левантеден» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тайнан бұл ойында бір гол соқты. Бірақ бұл доп мурсиялық командаға жеткіліксіз болды.

«Эль-Посо» тұрақты чемпионатта 52 ұпай жинап, 6-орын алды. Енді плэй-офф кезеңінде «Картахена» немесе «Хаэн» клубтарының бірімен кездеседі.

«Леванте» – «Эль-Посо» (Мурсия) 3:1 (1:0)Голдар: Пачу (7), Матеус Денер (32), Рафа Усин (32) – Тайнан (40)

Фото lnfs.es