«Арис» футбол клубының беларусьтік бапкері Алексей Шпилевский Кипр чемпионатының үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүлде жеңімпазын лига футболшылары арнайы дауыс беру арқылы анықтады. Беларусь маманына сыйлық PASP FOOTBALL AWARDS-2022/23 салтанатты рәсімінде берілді.

Кипр чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда «Арис» АПОЭЛ-ден үш ұпай алға озып, турнир кестесінде көш бастап тұр.