Prosports.kz назарларыңызға Римдегі WTA 1000 Internazionali BNL d'Italia турнирінің жартылай финалы аясында өткен қазақстандық Елена Рыбакина мен латвиялық Елена Остапенко арасындағы кездесуге бейнешолу ұсынады.

1 сағат 41 минутқа созылған кездесуде отандасымыз 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің финалына шықты.

Финалда Рыбакина украиналық Ангелина Калининамен кездеседі.