«Ордабасының» ойыншысы Ауро Қазақстан OLIMPBET-Кубогы 1/4 финалы аясында өткен «Қызылжарға» қарсы алғашқы матч туралы пікірін айтты.

- Матч туралы не айта аласыз? Ойыннан қандай әсер алдыңыз?

- Өте ұйымдасқан команда екен. Оларға қарсы ойнау қиынға соқты. Бірінші ойында жеңіске жетсек те, әлі ештеңе шешілген жоқ. Әр ойында жеңіске жету үшін зейініміз тек матчта болуы қажет.

- Матч ең маңызды тұсы қай кез деп ойлайсыз?

- Командамызда көптеген тәжірибелі ойыншы бар. Олар кез келген сәтте ойын нәтижесін жасай алады. Сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауын әркез сезінеміз. Олардың қолдауымен кез келген уақытта гол соға алатынымызды білеміз.

- Бұл Қазақстан OLIMPBET-Кубогындағы «Қызылжармен» алғашқы ойынымыз. Келесі айда жауапты матч күтіп тұр...

- Қазір бар ойымыз чемпионатта болады. Ал Кубоктағы қарымта ойын олардың алаңында өтеді. Уақыт жақындағанда оларды зерттеп, келесі кезеңге өтуге барымызды саламыз.