«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы Кевин Даллмэн қазақстандық жанкүйерлерге үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Барша қазақстандық жанкүйерлер мен «Барыса» фанаттарына сәлем айтқым келеді. Әлі де сіздерді ойлаймын, сағындым. Бірнеше күннен кейін Ригаға жол тартайын деп жатырмын. Қазақстан құрамасының Словакия мен Латвияға қарсы ойындарын тамашалаймын. ҚХЛ-ның «алтын» құрамына кіргенімді айтқым келеді және бұл үшін қазақстандық жанкүйерлерге рақмет! Сіздердің қолдауларыңызды бағалаймын! Біз сіздерді сағынамыз және жақсы көреміз!, - деді ол.