«Мақтаарал» клубының тізгінін Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Қайрат Нұрдәулетов ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақ футболының аңызы, Қазақстан чемпионы, 2002 жылғы еліміздің үздік жартылай қорғаушысы - Қайрат Нұрдәулетов, "Мақтаарал" футбол клубының бас бапкері атанды!Қайрат Жұмабекұлы - ойыншы ретінде, «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана», «Қайсар» командаларында доп теуіп, ел чемпионы, ҚР Кубогының чемпионы, Қазақстан Суперкубогының иегері және жылдың үздік ойыншысы атағына қол жеткізген!Ұлттық құрама сапында 35 ойында жасыл алаңға шығып, 5 гол салды. Сауатты ойын өрнегімен Ұлттық құрамада капитан болып, еурододаларда әріптестерін жасыл алаңға бастап шықты.Өз карьерасын аяқтағаннан кейін, Ұлттық құраманың бапкерлік штабына жұмысқа келді. Кейіннен Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.Ендігі жерде тәжірибелі маман ресми түрде «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері!Сонымен қатар бапкерлік құрамда аздаған өзгерістер орын алды. Бас бапкердің көмекшісі болып Руслан Эсатов тағайындалса, фитнес жаттықтырушы міндетін Асқар Мұратұлы атқарады. Қақпашылар бойынша жаттықтырушы - Юрий Новиков», - делінген хабарламада.