"Джиро д'Италия" көпкүндік веложарысының 11-ші кезеңі өтті. "Астана" велокомандасы құрамының велошабандозы Марк Кавендиш үшінші орыннан көрінді.

Кезеңнің ұзындығы 219 шақырымды құрады. Оның жеңімпазы Паскаль Аккерман (UAE Team Emirates) болды. Екінші орынды Джонатан Милан (Bahrain-Victorious) иеленді.

Жалпы классификацияда Томас Герайнт (INEOS Grenadiers) көш бастап тұрғанын қосамыз.