Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен бірге жұмыс істейтін қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) шаршы алаңға қайта шығуға дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы Индио қаласында (Калифорния, АҚШ) атақты жаттықтырушы Джоэль Диастың залында жаттығып жүр. Руслан Instagram парақшасында жаттығу сәтінен сурет жариялады.

Айта кетейік, Мадиевтің бұған дейінгі жекпе-жегі 18 наурызда Росаритода (Мексика) өтті. Онда отандасымыз жергілікті боксшы Хуан Хименесті (31-23-3, 21 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.