Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде «Манчестер Сити» өз алаңында «Реалды» 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған. Осылайша «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды.

Финалда «Манчестер Сити» италиялық «Интермен» кездеседі.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 10 маусымда өтеді.