«Жеңіс» бапкері Игорь Свечников Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында Ринат Алюетовтің клубтың бас бапкері болып тағайындалуы туралы жаңалыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Бірінші лигада 2-орында келе жатқан кезде Алюетов неге бас бапкер болып тағайындалды?

– Басшылық осындай шешім қабылдады. Мен бұған қалай қараймын? Жақсы. Менің жұмысымды команданың бас бапкері анықтайды.

Еске салайық, бүгін «Жеңістің» бас бапкері болып Ринат Алюетов тағайындалатыны белгілі болды. Елордалық команданың бұрынғы бапкері Игорь Свечников клуб құрылымында қалып, Алюетовтың көмекшісі болады.

Фото: meta-ratings.kz