Бакуде (Әзербайжан) таэквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстан құрамасы мынадай құраммен қатысады:

Әйелдер

- Рита Бакишева (46 келіге дейін);- Ботагөз Қапанова (49 келіге дейін);- Азиза Қаражанова (53 келіге дейін);- Мария Севостьянова (57 келіге дейін);- Назим Махмұтова (62 келіге дейін);- Нұрай Хусайынова (67 келіге дейін);- Жансель Дениз (73 келіге дейін);- Ракони Бимырза (73 келіден жоғары).

Ерлер

- Жавохирхон Исламов (54 келіге дейін);- Самирхон Абабакиров (58 келіге дейін);- Нұрбек Ғазез (63 келіге дейін);- Эльдар Бірімбай (68 келіге дейін);- Нұрқанат Қожахмет (74 келіге дейін);- Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін);- Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін);- Руслан Жапаров (87 келіден жоғары).

Әлем чемпионаты 29 мамыр мен 4 маусым аралығында өтеді.