«Қайраттың» израильдік қорғаушысы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 9-туры аясындағы «Ақтөбеге» (2:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді.– Офри, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы пікірің қандай?– Екі ойлы болып отырмыз. Әрине, маңызды ойында маңызды жеңіске жеттік. Бірақ команданың бар ойы Арсенде. Оның денсаулығы нәтижеден маңыздырақ деп санаймын. Жағдайы жақсарып, арамызға қосылады деген үміттеміз. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бұл біз үшін маңызды. Бірақ біздің досымыз қазір ауруханада және бәрінен бұрын оның сау болғанын қалаймыз.