Қостанайлық пара-спортшы, мүгедектер арбасында спорт спорт шебері Малика Мұқтарова дүниеден өтті. Ол 23 жаста еді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

15 мамырда қыздың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында оны қайда және қашан соңғы сапарға шығарып салғаны туралы ақпарат пайда болды.

2015 жылы Малика спорт және бал биі бойынша Қостанай облысының бес дүркін чемпионы атанды. 2016 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Қыркүйек айында Малика Мұқтарова Санкт-Петербургте өткен мүгедектер арбасындағы би спортынан әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Сол жылдың қараша айында Малика Тайваньда арбамен билеуден Азия чемпионы атанды. Ол чемпионатта екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.