Insomniac Games ұсынған Marvel's Spider Man 2 ойынының тегін комикс преквелі онлайн оқуға қолжетімді болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен аптада жарияланған комикс бірінші ойындағы оқиғалардан бері Питер Паркер, Майлз Моралес және Мэджей Уотсонның немен айналысқанын көрсетеді.

Комикс бастапқыда 6 мамырда Америка Құрама Штаттарында шығарылды. Енді оны Marvel ресми сайтында онлайн тегін оқуға болады.