Қазақстандық теннисші Александр Бублик Римде (Италия) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші раундта отандасымыз норвегиялық Каспер Руудтан 1:6, 6:4, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Римдегі жарыстың жалпы жүлде қоры 7 705 780 еуро. Ал турнирдің қазіргі чемпионы әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович.