Мәскеудің ЦСКА бас дәрігері Эдуард Безуглов Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиёр Зайнутдиновтың емделу процессі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маман футболшының қазірдің өзінде жеке бағдарлама бойынша күш-қуаты мен негізгі жаттығуларын жасап жатқанын және үлкен жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

«Біз «Спартакпен» ойынға дейін дайын болады деп жоспарлап отырмыз. Ойынға қатысу туралы шешімді жаттықтырушылар штабы қабылдайды», - деп келтіреді клубтың баспасөз қызметі Безугловтың сөзін.

25 жастағы футболшы осы маусымда барлық турнирлерде 23 ойынға қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Зайнутдинов соңғы рет 15 сәуірде «Уралға» қарсы ойында алаңға шыққан.