Ресейлік файтер Иван Штырков Екатеринбургте өтіп жатқан RCC 15 турнирінің басты кездесуінде беларусь Петр Романкевичті жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кикбоксинг ережесі бойынша өткен үш раундтық жекпе-жек тең аяқталды, сондықтан төрешілер қосымша раунд тағайындап, нәтижесінде жеңіс Штырковқа бұйырды.

Турнирдің екінші маңызды жекпе-жегінде ресейлік Ильяс Хамзин ММА ережесі бойынша жекпе-жекте бразилиялық Магнус Конрадодан жеңіліп қалды.