Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Асадхудж Муйдинхуджаевпен кездесті. Жекпе-жекте өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, бүгін финалда командамыздың тағы бір өкілі Санжар Тәшкенбай өнер көрсетті. Ол грузиялық спортшы Сахил Алахвердовиді жеңіп, Қазақстанға турнирдегі алғашқы алтын медаль әкелді.

Фото kfb.kz