Америкалық журналист Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) гонорарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Калифорнияның Атлетикалық комиссияның (CSAC) ресми мәліметтеріне сәйкес, Әлімханұлы канадалық боксшы Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек үшін 300 мың доллар (134,5 миллион теңге) алады.

Еске салайық, олардың жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 14 мамыр күні таңертең Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Бұл Әлімханұлының орта салмақтағы WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғауы.