OCTAGON 45 турнирінде Дамир Төленов (9-0) Алманбет Абдывасы уулуға (11-6) қарсы жекпе-жекте чемпиондық титулын үшінші рет қорғайды. Бірақ содан бөлек бізді тағы бір қызық кездесу күтіп тұр.

Жартылай ауыр салмақтағы Еуразиялық промоушеннің чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) ресейлік поп-ММА жұлдызы Даниял Эльбаевпен (9-5) кездеседі.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық файтер қарсыласы туралы ойын бөлісіп, бір кеште «Т-34-пен», сондай-ақ тағы бір атақты файтер Вячеслав Дацикпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

– Карим, поп-ММА жұлдызы Даниял Эльбаевқа қарсы өтетін жекпе-жекті қалай қабылдайсыз?

– Басқа жекпе-жек сияқты бұл да мен жеңуім керек қарапайым қарсылас.

– Қарсыласыңыз қандай әсер қалдырады?

– Ол көп сөйлейді, ал мен сөйлесуге дағдыланбағанмын - мен тек жұдырықтасқанды ұнатамын.

– Эльбаевтың лақап аты - Т34. Ол бұған сәйкес келе ме, қалай ойлайсыз?

– Жоқ. Меніңше, оған көбірек жарасатын лақап ат – тоқаш (жымиып).

– Салмақ бойынша қарсыластың басымдығы бар. Осы жекпе-жек үшін арнайы салмақ жинайсыз ба?

– Менің барлық жекпе-жегімде қарсыластарымның салмағы менен кем дегенде 20 келі артық болады, мен бұған үйреніп қалғанмын.

– Эльбаев таяуда бокс ережесі бойынша Вячеслав Дацикпен жекпе-жек өткізді. Сіздің ойыңызша, ол жекпе-жекте қаншалықты сенімді көрінді?

– Мен кез келген ереже бойынша екеуімен бір кеште жекпе-жек өткізуге дайынмын.