WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8КО) мен канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, көз түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі боксшы да орта салмақ шегін (160 фунт немесе 72,6 келіге дейін) орындады. Канадалық боксшы таразыда 159,6 фунтты (72,39 келі) көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы сәл жеңілірек болып шықты - 159,2 фунт (72,21 келі).

Айта кетейік, 13 мамырда (Қазақстан уақыты бойынша 14 мамыр күні таңертең) Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) кездеседі.