Қазақстандық әуесқой боксшы Нұрбек Оралбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек ресейлік Имам Хатаевпен кездесті.

Жекпе-жек үш раундқа да созылып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (4-1) Оралбайдың жеңісімен аяқталды.