Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина арнайы жер жабындыда маусымының басында басынан өткерген қиындықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Менің арқам көпке дейін ауырсынып жүрді сол себепті мен ойынға араласа алмадым, сондықтан дайындық жеткіліксіз болуы мүмкін. Мен аздап тұрақсыз ойнадым, бірақ тұтастай алғанда, егер мен толықтай өзімді сау сезінсем және командамен жұмысымды жалғастырсам, мен қайтадан жоғары нәтиже көрсетемін деп ойлаймын.

Арнайы жабындыда көп нәрсе дайындыққа байланысты. Мүмкін, бұл жерде маған басқаларға қарағанда көбірек уақыт керек шығар, өйткені бойымның биіктігіне байланысты мен өз қозғалысымды бейімдеуім керек. Бірақ тұтастай алғанда, мен бұл жабындыда жақсы ойнай аламын деп ойлаймын.

Мен арнайы жабындыда бірнеше матч өткіздім. Әзірге нәтижелерім сәтті деп айта алмаймын. Римдегі бірнеше ойындардан кейін мен Ролан Гаррос қарсаңында өзімді сенімді сезінемін деп үміттенемін», - дейді Федерацияның баспасөз қызметі Рыбакинаға сілтеме жасап.

Римде Елена «Мастерс» сериясының турнирінде өнер көрсетеді. Ол жарысты екінші айналымнан бастайды.