Алматылық «Қайраттың» қырғызстандық жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алыкулов ресми түрде клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша ойыншының клубқа өтемақы төлеуімен бұзылды.Алыкулов «Қайратқа» 2020 жылдың басында ауысты. Алматылықтардың сапында Гулжигит Қазақстан чемпионы және ел Кубогының иегері атанды, УЕФА Конференциялары лигасының топтық кезеңіне шықты.