2023 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының 9-тур матчтары атақты комментатор Амангелді Сейітханның құрметіне өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Қазақстан чемпионатының IX туры талантты журналист, танымал комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналады.

Амангелді өз ісінің кәсіби маманы, футболдың нағыз жанкүйері болды. Футбол жанкүйерлерінің бірнеше буыны аталмыш маманның дауысын естіп өсті, - деп жазды ҚКФЛ баспасөз қызметі.