Испанияның Севилья қаласында теннистен 2023 жылы Билли Жан Кинг кубогының финалдық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстар 7-12 қараша аралығында жабық ғимаратта өтеді.

Сәуір айында әлемнің түкпір-түкпірінде іріктеу жарыстары өтіп, Билли Жан Кинг кубогының финалына қатысушылар анықталды. Олар: Австралия, Германия, Канада, Қазақстан, Чехия, Италия, Испания, Словения, Франция, Швейцария және АҚШ болды.

Ережеге сәйкес, командалар төрт топқа бөлініп, жеңімпаздары жартылай финалда кездеседі. Билли Жан Кинг кубогының жеребе тарту рәсімі 24 мамырда өтеді.