Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Римде (Италия) өтіп жатқан WTA сериясы турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы болгариялық Виктория Томова болды.

2 сағат 53 минутқа созылған кездесу үш сетте 6:7, 7:6, 6:0 есебімен қазақстандық спортшы ұтты.