Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1/4 финалда Қоңқабаев ауыр салмақтағы өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңілді.

Осылайша Қамшыбек Қоңққабаев әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмай, турнирде жүлдесіз қалды. Қоңқабаев 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері.

Джалоловқа келетін болсақ, ол 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы.