Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Римде (Италия) өтіп жатқан ATP сериясы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы ойында қазақстандық Испания өкілі Педро Мартинесті 3-6, 6-7 (4-7) есебімен ұтты.Матч 1 сағат 47 минутқа созылды.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Бен Шелтонмен кездеседі.