Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі салмақта Дулат ширек финалда мексикалық боксшы Мигель Анхель Мартинеспен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекбауов (5-0) жеңіске жетті.

Еске салайық, Бекбауов 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол 2023 жылдың ақпан айында өткен шағын әлем чемпионатында – Странджа кубогында күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бүгін тағы бір қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.