Еліміздің атынан 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда қазақстандық боксшы ганалық боксшы Амаду Мохаммедпен жұдырықтасып, бірауыздан жеңіске жетті.

Келесі жартылай финалда ол жұптың жеңімпазы венесуэлалық Йоэль Ривас пен кубалық Йосвани Вейтиамен кездеседі.