Қазақстандық Санжар Тәшкенбай бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақта Санжар жапониялық Казума Аратакені сенімді жеңді. Төрешілер 5:0 есебін тіркеді. Қазақстандық боксшы бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Енді жартылай финалда Тәшкенбай Эдмонд Худоян (Ресей) - Вуттичай Юрачай (Таиланд) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.