Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қытай құрамасындағы қазақ жігіті Тоқтарбек Таңатхан сенсация жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тоқтарбек Таңатхан 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалда екі дүркін олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Арлен Лопеспен шеберлік байқасты.

Тоқтарбек атақты қарсыласынан қаймықпай, айласын асыра білді.

Сөйтіп, ол жартылай финалға өтіп, жүлдегерлер қатарына ілікті.