Бүгін бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай иорданиялық Хусейн Эйшайшиашайшпен кездесті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Нұрбек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.